Головкиннің келесі қарсыласы белгілі

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі

Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының поляк Камил Шереметамен алдағы жекпе-жегі туралы жүріп жатқан келісім жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>«Біз жекпе-жекті 29 ақпанда өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Шереметамен айқасқа түсуге Геннадий дайын. Қазіргі таңда келіссөздер жүріп жатыр», - деді Хирн.</span>

Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті. Ал Альварес Геннадиймен шықпайтынын<span> </span>мәлімдеді. Дей тұрғанмен DAZN стримингтік қызметі 13 қазанда қос боксшының арасындағы кездесудің өтетінін<span> </span>хабарлаған<span> </span>болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или