Энди Руис кімге қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Энди Руис кімге қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

WBA (Super), IBF, WBO және IBO нұсқаларында ауыр салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық боксшы Энди Руис бірыңғай әлем чемпионы болғысы келетіні туралы айтты.

Ол үшін Руис 7 желтоқсан күні Сауд Арабиясында өтетін реваншты жекпе-жекте Энтони Джошуаны жеңуі тиіс. Содан кейін ол WBC белбеуінің иегері Деонтей Уайлдермен төбелесуге мүмкіндік алады.

 - Мен ауыр салмақтағы бірыңғай әлем чемпионы болғым келеді. Мен Уайлдермен жекпе-жекке шығуға жақынмын.

Біз онымен кейде телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз. Біз доспыз, бір-бірімізді қолдаймыз, бірақ шайқас кезінде достыққа, өзара сыйластыққа орын жоқ », - деді Руис. 

Еске сала кетейік, Энди Руис осы жылдың маусым айында күтпеген жерден Энтони Джошуаны нокаутқа жіберіп, жеңіске жетекн болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или