2024 жылғы Олимпиада ойындарының логотипі таныстырылды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының логотипі таныстырылды

Франция астанасы Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындарының логотипі көрсетілді, деп жазады Prosports.kz.

Логотипте алтын медальдағы олимпиадалық алау бейнеленген. Дизайнерлердің жобалауына сай, Олимпиада логотипі үш бейнеден тұрады: алтын медаль - спорттың, от - Ойынның нышаны, ал Марианна - Францияның символы.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиада 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. Паралимпиада - 28 тамыздан 8 қыркүйекке дейін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или