Азиада. Семсерлесу. Қазақстан құрамасы – үшінші орында

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында семсерлесуден командалық сайыс өтті.

Қазақстан әйелдер құрамасының намысын қорғайтын Тамара Почекутова, Татьяна Приходько, Диана Паманши және Юлия Живица квартеті жартылай финалға шығып, Қытайдан 27:45 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандықтар Азия ойындарының қола медаль иегерлері атанды.

Жартылай финалға дейін қыздарымыз Индонезияны жеңген болатын – 45:31.

Естеріңізге сала кетсек, бұл – 17-ші Азиададағы Қазақстанның алтыншы қоласы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или