Алексей Шпилевский: Барлығын «Астананың» тәжірибесі шешіп кетті

Алексей Шпилевский: Барлығын «Астананың» тәжірибесі шешіп кетті

"Астана" Премьер-Лига аясында өз алаңында "Қайратты" қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында алматылық команда бас бапкері Алексей Шпилевский кездесу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

<span>- Бірінші кезекте бізге тамаша қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Ал ойынға келер болсақ, бүгінгі кездесу Қазақстан футболына тамаша жарнама болды деп айтуға болады. Ойындағы жылдамдық, атмосфера, футбол деңгейі тұрғысынан алғанда, бүгінгі кездесу чемпионаттың ең тартымды ойыны болды деуге толық негіз бар. Біз бірінші таймда өзімізде болған гол соғатын мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмадық. Нәтижесінде, Марин Томасов өзінің деңгейін көрсетіп, тамаша гол соғып кетті. Ал екінші таймда "Астана" ойыншылары қысымға қалай шыдау қажет екендігін көрсетіп, тәжірибелі ұжым екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Біз барынша тырысқанымызбен, бір голдан артық соға алмадық. Жігіттердің осы ойыннан кейін ұнжырғалары түсіп кетті. Дегенмен, алда үш ойын бар. Ештеңе де нақты шешілген жоқ. Чемпионаттың соңғы ойындарын кім жақсы өткізсе, сол команда чемпион атанатын болады. </span>
<span>- Матч нәтижесін есепке алмайтын болсақ, ойын көңіліңізден шықты ма?</span>
<span>- Әрине, көңілімнен шықты. Біз жақсы ойын көрсеттік. Алайда, өз мүмкіндіктерімізді лайықты пайдалана алмадық. "Астана" өз мүмкіндіктерін жақсы пайдаланды. Біз болсақ олай жасай алмадық. Осы жерден</span><span>-ақ командалардың деңгейін байқауға болады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или