Басқа

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мәдениет және спорт министрі Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын, атап айтқанда, мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық туризмді дамыту секілді мәселелер бойынша баяндады. Сонымен қатар министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер