Головкин әлемдік рейтингіде үздік бестікке енді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Worldboxingnews әлемдік рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Рound-for-pound (салмақ санатынан тыс) рейтингінде Геннадий Головкин екі сатыға көтеріліп, бесінші орынға тұрақтады. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін иемденді.
Рейтингінің көшін украиналық Василий Ломаченко бастаса, екінші орынға Сауль «Канело» Альварес жайғасты. Үздік үштікті америкалық боксшы Эррол Спенс түйіндеді.