Қазақстандық теннисші Лас-Вегастағы АТР Challenger турнирінің келесі кезеңіне өтті
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Лас-Вегасында өтіп жатқан АТР Challenger турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Попко эквадорлық Роберт Киросты 6:3, 6:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Дмитрий Попко бір сағатқа созылған екі сетте мүлде қосарланған қателік жасаған жоқ.
Қазақстандық келесі кезеңде Рой Смит - Джеймс Дакворт жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или