Семсерлесуден командалық сында Қазақстан кубогы аяқталды

Семсерлесуден командалық сында Қазақстан кубогы аяқталды

Алматыда өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан кубогінде саблядан жекелей және командалық сындағы жеңімпаздар анықталды. 

<span>Әйелдер арасында Түркістан облысының өкілі Татьяна Приходько топ жарды. Ол финалда Анастасия Гуликтен (Қарағанды облысы) басым түскен. Үшінші орында Әйгерім Сарыбай (Алматы) және Елизавета Смирнова (Алматы).  </span>

<span>Ерлер арасындағы командалық бәсекеде Алматы-1 командасы жеңіске жетсе, екінші орынды Қарағанды облысы иеленді. Үшінші сатыда Алматы-2 және Алматы-3 командалары орналасқан.</span>

<span>Әйелдер арасындағы командалық сында Алматы қаласының командасы бірінші орын иеленді. Екінші орында Қарағанды облысы, үшінші орында Түркістан облысы мен Алматы-2 командалары. </span>

<span>Айта кетелік, ерлер арасындағы жекелей сында Бақдәулет Құралбекұлы алтын жүлдегер атанған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или