Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: 8 боксшымыз 1/2 финалға өтті
БАӘ-де өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық сегіз боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
16 қазан күні финалға шығу үшін жас боксшыларымыз - Руслан Күзеубаев (52 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін), Сұлтан Бабаханов (66 келіге дейін) және Диар Роман (+80 келі) өзбекстандық спортшылармен кездеседі. Абдулла Патиев (50 келіге дейін) және Обзал Серіктің (60 келіге дейін) қарсыластары үндістандық боксшылар. Ал Ерасыл Ермек (57 келіге дейін) Қытай боксшысымен кездеседі. Мәди Әміров (80 келіге дейін) финалдың жолдамасын қырғызстандық қарсыласымен сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или