44 жастағы өзбекстандық гимнасшы сегізінші Олимпиадасына қатысады

1992 жылы Біріккен құрама сапында Олимпиада чемпионы атанған өзбекстандық гимнасшы Оксана Чусовитина Токиода өтетін төртжылдықтың ойынына жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.
44 жастағы спортшы бұған дейін 7 Олимпиадаға қатысқан болатын. Бұл жолы ол Штутгартта өткен әлем чемпионатында лицензияға қол жеткізді.
Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына: «Қымбаттыларым, сегізінші Олимпиадаға қатысатынымды ресми түрде хабарлаймын. Қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңызға көп рахмет. Жетістікке бірге жетеміз», деп жазды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или