Азиада. Дзюдо. Қоржынымыз тағы бір қоламен толықты

Азиада. Дзюдо. Қоржынымыз тағы бір қоламен толықты
<p> <strong>Инхчонда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан 52 келіге дейін салмақ бойынша сынға түскен Ленария Меңғазова Қазақстанның қоржынына тағы бір қола медаль салды. </strong></p> <p> Ленария алғашқы белдесуінде макаолық Чи Ленг Вонгты қапы қалдырып, ширек финалда моңғол Цолмон Адиясамбууды тізе бүктірді. Кейін түркіменстандық Гүлбадам Бабамұратовамен финалға берер жолдаманы сарапқа салып, жеңіліп қалды.</p> <p> Осылайша үшінші орынға таласқан қандасымыз үнді қызы Калпана Деви Зоудамды медальсыз қалдырды.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или