10 қазан 14:57

ХОК басшысы Томас Бах Тимур Құлыбаевты құттықтады

ХОК басшысы Томас Бах Тимур Құлыбаевты құттықтады

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах мырза Тимур Құлыбаевты Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау хат жолдады.

Ресми хатта Томас Бах Тимур Құлыбаевты шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстан ҰОК-ке өз қызметін атқару барысында қолдау білдіретініне және екі ұйым арасындағы тығыз әріптестік әрі қарай жемісін беретініне сенім білдірген. 

Айта кетелік, 18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерация басшыларының қатысуымен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан ҰОК президенті сайланып, 34 федерация өкілі бірауыздан Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын құптады. 

Қазіргі таңда Қазақстан ҰОК президентінің атына түрлі халықаралық және ұлттық спорттық ұйымдардан құттықтау хаттары келіп түсуде. Олардың қатарында ұлттық Олимпиадалық комитеттер Қауымдастығы мен түрлі құрлықтағы ҰОК-тер бар.

Биыл сонымен қатар Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиадалық комитеттің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму комиссиясы мүшесі болып та тағайындалған. Сондай-ақ, ол Ұлттық Олимпиадалық комитеттер Қауымдастығы Атқарушы комитетінің мүшесі және Азия Олимпиада Кеңесінің вице-президенті.

Түпнұсқасы:olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.