Ковалевтың бапкері: Мені жынды деуге рұқсат, алайда біз жеңеміз

Ковалевтың бапкері: Мені жынды деуге рұқсат, алайда біз жеңеміз

WBO тұжырымының әлем чемпионы Сергей Ковалевтың (34-3-1, 29 KO) бапкері Джеймс МакГирт Fighthipe порталына берген сұхбатында өз шәкіртіне сенімді екенін жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

«Мені «жынды» деп атауларыңызға болады, бірақ Ковалев ең мықты – боксшы. Дайындығымыз өте жақсы өтіп жатыр. Кім жеңеді дегенге жауап берер болсам, сөзсіз, Сергейдің жеңісіне куә боламыз. Төрешілер шешімімен әлде нокаутпен дейсіз бе? Болжағым келмейді, дегенмен  менің болжамым» – біз жеңеміз, деді МакГирт.

Еске сала кетелік, ресейлік боксшы Сергей Ковалев пен  Мексика жұлдызы Сауль Альварес (52-1-2, 35 KO) 2 қарашада жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или