9 қазан

Тимур Құлыбаев бокс федерациясының президенті қызметінен кетті

Журналист
Тимур Құлыбаев бокс федерациясының президенті қызметінен кетті

Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясында Тимур Құлыбаев ҚБФ басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, мені Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне қайта тағайындады. Спорт туралы қабылданған заңдағы өзгерістерге сәйкес, ҰОК бюджет қаржысын олимпиадалық спорт түрлері арасында саралауға сәйкес үлестіреді. Бұл жұмыс бір жылдан бері іске асуда, сол себепті, тараптардың кикілжіңге келмеуін ойлап, Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті ретінде мен еліміздегі спорттың, бірінші кезекте бокстың дамуын бақылаймын. Мұндағы барлық мәселелермен таныспын», - деп келтіреді Тимур Құлыбаевтың сөздерін confederation.kz сайты.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде Алматыда өткен Ұлттық Олимпиада комитетінің XVII конгресінде Тимур Құлыбаев осы лауазымда Темірхан Досмұхамбетовтің орнына Қазақстан Республикасы ҰОК жаңа президенті болып сайланды. Осы жылдың қыркүйегінде Құлыбаев төрт жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының ҰОК президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметіне бұған дейін халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент міндетін атқарған Кеңес Рақышев тағайындалды.

Тимур Құлыбаевтың отандық боксты дамытудағы еңбегін ескерген атқарушы комитет мүшелері оны федерацияның құрметті президенті етіп сайлады.

«Біз мақтанарлықтай, өте жақсы жұмыс атқардық деп ойлаймын. Бізде екі Олимпиада чемпионы, 11 әлем чемпионы мен Вэл Баркер кубогінің иегері бар. Ең бастысы – біз спортшылардың ірі халықаралық жарыстарға дайындаудың тиімді әдісін таптық. Бокс федерациясы барлық спрт федерацияларына үлгі боларлық қызмет атқарды», - деп атап өтті федерацияны он жыл басқарған Құлыбаев.

Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясын 2009 жылдан бері басқарып келді. Оның басшылығымен қазақстандық боксшылар Лондондағы Олимпиада ойындарында бір алтын, бір күміс және екі қола, 2016 жылғы Бразилия ойындарында бір алтын, екі күміс және екі қола жеңіп алды.

Құлыбаев 2016 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Су спорты федерациясының басшысы болып сайланған. Ал қазір ол ұйымды бұрынғы бас хатшысы Андрей Крюков басқарады.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев сонымен қатар Халықаралық Олимпиадалық Комитеттің қоғаммен байланыс және әлеуметтік даму жөніндегі комиссияның мүшесі және AҰOC Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.