Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0,8 КО) 25 қазанда Мексика боксшысы Джонни Наварретемен жұдырықтасады, деп жазады Prosports.kz.

Өзінен он жас үлкен былғары қолғап шеберімен кездесетін Ахмедов - жеңілістің ащы дәмін татпаған боксшы. Ал мексикалық болса бірнеше кездесуінде ұтылған және жекпе-жектерінің көбін өз елінде өткізген.

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы рет тағыбір мексикалық боксшы Даниэль Вега Котамен қолғап түйістіріп, нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или