Хирн: Геннадидің денсаулығы жақсы
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) денсаулығы туралы Twitter желісіндегі парақшасына жария етті, деп жазады Prosports.kz.
Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшының ауырып тұрғанын айтқан болатын.
Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатына қатыса алмаған Головкин мен Деревянченко (13-2, 10 КО) бірден ауруханаға жеткізілді.
«Головкинмен бірге ауруханадан шықтық. Оның денсаулығы жаман емес», деп жазды Эдди парақшасына.
Just left the hospital with @GGGBoxing who has been all cleared
— Eddie Hearn (@EddieHearn) 6 октября 2019 г.
Еске сала кетелік, кеше, 6 қазан күні қазақстандық Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеулері үшін жұдырықтасқан болатын Төрешілер бірауыздан Головкинді жеңімпаз деп таныды.
Айта кетелік, жекпе-жек 12 раундқа созылды. Украиналық алғашқы раунда нокдаунға түсіп, қабағы жарылды.