Димаш Головкинді жеңісімен құттықтады
<span>Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отандасы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. </span>
<span>«Бауырым, кезекті таңғаларлық жеңісіңмен құттықтаймын! Басқаша болуы да мүмкін емес еді», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. </span>
<span>Естеріңізге сал кетсек, кеше Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді. Төрешілердің шешімімен жеңіс тұғырынан көрінген отандасымыз орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. </span>
<span>Геннадий Головкинді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңісімен құттықтаған еді.</span>