Ахмедовтың рейтингтегі жағдайы жақсарды
Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов беделді BoxRec.com порталының рейтінгінде жоғары өрледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ахмедов Головкин – Деревянченко жкпе-жегінің андеркардында америкалық Эндрю Эрнандеспен кездесіп, қарсыласын 30 секундта сұлатып салған еді. Осы жеңістен кейін ол аталмыш рейтингте 71-орыннан 60-орынға бір-ақ көтерілді.
Еске сала кетелік, Әли осы жекпе-жекте орта салмақтағы WBC International Silver белбеуін қорғап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или