Есімов спорттық нысандарды тексерді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаладағы Универсиада-2017 спорттық нысандарын аралап шықты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Сапар барысында қала басшысы 12 мың және 3 мың орындық мұз айдыны мен 5 мың орындық атлетикалық ауылдың құрылысы барысымен танысты. Қазіргі уақытта мұз айдынындағы жерасты жұмыстары толығымен бітті. Негізгі мұнаралар мен сырғанақтың жігі қосылып, бетон іргетас құйылды.</p>
<p style="text-align: justify;">
Ал, 5 мың орындық атлетикалық ауылдың құрылысы 2014 жылдың төртінші тоқсанында басталады. Қазір құрылыс алаңы әзірленуде.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или