Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі басталады
5-6 қазан күндері Оралда Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі басталады.
Бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таеквондо, қазақ күресі мен каратэ-до спорт шеберлері D тобының үздіктерін анықтайды. Іріктеу кезеңдерінен іркілмей өткен командалар 7-8 желтоқсан күндері Алматыда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады.
Іріктеу кезеңдері 12-13 қазанда Қарағандыда, 19-20 қазанда Қостанайда, 26-27 қазанда Ақтөбеде жалғасады.
Жеребе нәтижесі бойынша 17 өңір келесі топтарға бөлінген болатын:
А тобы - Ақтөбе обл, Алматы, Атырау обл, Павлодар обл, Ақмола облысы;
В тобы - Қостанай обл, СҚО, ШҚО, Жамбыл облысы;
С тобы - Қарағанды обл, Түркістан обл, Шымкент, Нұр-Сұлтан;
D тобы - БҚО, Қызылорда обл, Маңғыстау обл, Алматы облысы;