Смақов: Ковальчуктің ақшасы төленген, «Ақтөбе» ешкімге қарыз емес
«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов Украина футболшылар одағының басшысы Олег Печерныйдің сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Ковальчуктің ақшасы әлдеқашан төлеген. Оның шағымы жоқ екендігі туралы қағаз да бар. Енді өтірік айтпасын. Сергейдің өзіне қоңырау шалуға болады. Оның үстіне менің сөздерімді растайтын барлық құжаттарды көрсетуге дайынмын.
Мүмкін бұл оның атынан әрекет етіп жатқан арандатушылардың ісі шығар. Біз ақшаны тікелей Сергейге аудардық. Осы үшін де оның агенттері наразы болып, жалған ақпарат таратқан болуы мүмкін. Енді бұл өтірікті оқыған жанкүйерлер не дейді? Егер «Ақтөбе» қарызды өтемеген болса, мен ондай сұқбат бермес едім, - деді Смақов Prosports.kz сайтына берген сұқбатында.
Сергей Ковальчук те бұрынғы командаласының сөзін растады.
- Иә, «Ақтөбе» менің ақшамды толық төледі. Менің ешқандай шағымым жоқ. Бұл туралы клубтың кеңсесінде хат бар, - деп сендірді Молдова құрамасының бұрынғы футболшысы.
<h4 class="title">Олег Печерный: «Ақтөбе» Ковальчуктің қарызын қайтарған жоқ</h4> <h4 class="title">Ресми: «Ақтөбе» футболшылар алдындағы барлық қарыздарын өтеп болды</h4>