Головкиннің экс-қарсыласы қамауға алынды

Головкиннің экс-қарсыласы қамауға алынды

Головкиннің экс-қарсыласы, америкалық боксшы Ванес Мартиросян тұрмыстық зомбылық көрсетті деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>TMZ Sports порталының мәліметінше, 15 қыркүйекте Мартиросян мен әйелінің арасында ұрыс басталып, соңы қол жұмсаумен аяқталған. 79 кг болатын Ванес баспен әйелінің бетін, мұрнын қан-жоса қылған екен.</span>

Полицейлер Мартиросянды дереу арада ұстап, қамауға алды. 

<span>Боксшы соңғы жекпе-жегін Геннадий Головкинге қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или