Бекзат Саттарханов туралы фильм жарық көрді
Түркістанда жаңадан жарық көрген «Бекзат» көркем фильмінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген туынды Сидней Олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттархановқа арналған.
Туынды сюжетінде боксшы өмірінің үш кезеңі қамтылады: балалық шағы, боз бала кезеңі және өмірінің соңғы сәті.
Фильмнің түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстанбұл қалаларында өткен. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов ойнайды. Ол 2006-2007 жылдары кикбокстан жастар арасында екі рет Қазақстан чемпионы болған.
Сонымен қатар туындыдан Ғалымбек Оспанов, Мұрат Жарылқасынов, Майра Мақұлбекова, Дулыға Ақмолда, Қуаныш Мұқатай, Бақдәулет Шаймахан және басқа актерлерді көруге болады.
Толық метражды картина 3 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.