Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы қызметіне Нұрбол Қапешов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев өзінің Facebook-парақшасында мәлім етті. </span>

<span>- </span>Құрметті БАҚ өкілдері, қадірлі достар! Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа баспасөз хатшысымен таныс болыңыздар!

Қапешов Нұрбол Қабдылұлы, 1980 жылы туған, жоғары білімді азамат. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Бұл салада тәжірибесі баршылық. 31 арнадан бастап «Интерньюс-Нетуорк» өкілдігінде, Азаттық радиосында, Астана телеарнасында, Қазақстан ұлттық арнасында журналист, редактор қызметтерін атқарған.

Елдегі, шет<span> </span><span class="text_exposed_show">елдегі бар, байқағандарыңыздай жан-жақты қызмет істеген жігіт. Ақпараттың қазанында қайнап, эфирдің ар жағында талай сауатты сараптамалық бағдарламалардың жүгін арқалапты. Енді тыңнан түрен салып, баспасөз қызметінде бабын сынайды, - деді ол.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или