Головкин мен Деревянченко айқас алдында ашық жаттығу өткізеді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко айқас алдында жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Жаттығу өткізілетін орын - Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» алаңы . Жаттығу 1 қазан күні астана уақытымен 22:00-де басталады. </span>
Айта кетейік, 5 қазан күні өтетін жекпе-жекте боксшылар орта салмақтағы IBF тұжырымының белдігі үшін жұдырықтасады. Сонымен қатар аталмыш кеште тағы бір титул сарапқа салынады.
<h4>Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или