Головкин: Альварес менімен төбелескісі келмейді

Головкин: Альварес менімен төбелескісі келмейді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жек өткізгісі келмейтіні туралы пікір білдіріп, Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жек алдындағы көңіл-күйімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz

 - Мен өзімді чемпион сияқты сезінемін. Мен үшін әр жекпе-жек чемпиондық атақ үшін талас. Барлық жекпе-жек мен үшін бірдей маңызды. Альварес менімен төбелескісі келмейді немесе төбелесе алмайды. Ковалевке қарсы жекпе-жекке шығуды жөн көрді. Жалғыз таңдауы сол еді. Шамасы, ол қиындықтарға тап болған секілді. Біз жекпе-жек өткізуді ұсындық, ол бас тартты.

Қарсыластан қашан да сақтану керек, жоғарғы дәрежеде бағалау керек. Кез келген жекпе-жекке тыңғылықты дайындалу керек. Себебі, ол сен үшін соңғы болуы әбден мүмкін. Деревянченконың біздің жекпе-жегімізге деген көзқарасы және оның маған деген құрметі Сергейдің қаншалықты мықты дайындалғанын, ол үшін бұның бәрі өте маңызды екенін көрсетеді», - деді 37 жастағы Головкин.

Головкин мен Деревянченко 5 қазан күні кездеседі. 

Альварес пен GGG осыған дейін екі мәрте жекпе-жек өткізіп, екеуі де жоспарланған 12 раундқа созылған еді. Алғашқысы тең аяқталды, екіншісінде төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. 

 

<h1 class="title">«Головкин соққының астында қалады»</h1> <h1 class="title">Альварес: Маған үшінші жекпе-жектің не керегі бар</h1>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или