Қазақстан азаматтығын алған кениялық атлеттер Габонда жеңіске жетті
Қазақстандық Altay Athletics клубының спортшылары Габонда өткен халықаралық жарыста үздік атанды.
Габон елінде өткен жарыста 10 шақырым қашықтықта сынға түскен Қазақстан азаматтығын алған бұрынғы кениялық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді. Нора Джеруто алтыннан алқа тақса, Дэйзи Джепкемей екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Altay Athletics Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз кәсіпқой клуб саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или