Зарина Дияс Бейжіңде негізгі турнирге өте алмады

Зарина Дияс Бейжіңде негізгі турнирге өте алмады

<span>Қазақстандық Зарина Дияс Бейжіңде негізгі турнирге өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span>

<span>Дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасты.</span>

<span> Ресейлік спортшы 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 34 минутқа созылды. Жүлде қоры 8,3 млн-ға жуық АҚШ долларына бағаланған Бейжің WTA турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бақ сынайды. Оның қарсыласы іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі болады.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или