Франция телеарнасы Головкин - Деревянченко кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Франция телеарнасы Головкин - Деревянченко кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Украина былғары қолғап шебері Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жектің трансляциясын тағы бір телеарна жүргізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкин – Деревянченко титулды кездесуін Францияның Canal+ арнасы көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның Twitter желісіндегі парақшасында жария етілді.

Еске сала кетелік,Қазақстан аумағында Qazsport пен Qazaqstan телеарналары аталмаыш жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.

Қос мықтының айқасы Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазан күні таңертең көрсетілетінін айта кету керек.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или