Бублик Қытайда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты

Бублик Қытайда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдағы АТР Chengdu Open турнирінің ширек финалында әлемнің экс-ракеткасы болгариялық Григор Димитровпен кездесіп, 5:7, 7:6, 7:6 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

2 сағат 31 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 15 қосарланған қателік жіберіп, екі брейк жасады.

Бублик жартылай финалда Ллойд Харрис (ОАР) – Жоао Соуса (Португалия) жұбымен кездеседі.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или