Рекордсмен футболшы өз-өзіне қол жұмсады
Литва құрамасының бұрынғы футболшысы Артурас Римкявичус 36 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Tv3.lt порталының мәлімдеуінше, 2016 жылы мансабын аяқтаған Артурас Римкявичус 23 қыркүйекте Каунасста өлі күйінде табылған. Футболшы өз-өзіне қол жұмсаған. Оның артында әйелі және екі баласы қалды.
<span>Римкявичус Литва, Финляндия, Латвия, Бруней және Греция чемпионаттарында өнер көрсеткен. 2012 жылы Артурас «Шяуляя» сапында маусымда 35 гол соғып, ұлттық біріншілікте рекорд орнатқан. Ойыншы Литва чемпионатында 117 гол соққан. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или