Ұлттық спорт

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтеді

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

28 қыркүйек күні Алматыда қалалық ипподромда «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айта кетер жайт, «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі «Спорттық Алматы» жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылады.

Фестивальде шабандоздар ат жарыстарынан сынға түсіп, көкпар тартады. Сондай-ақ, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен де өнер көрсетеді.

Негізгі ойындармен қатар, фестиваль қонақтары қол өнер бұйымдары көрмесін тамашалап, саятшылардың құстарымен таныс бола алады.

Сонымен қатар, кез келген келуші қонақтар тоғызқұмалақ, асық ату ойнап, қошқар көтеру мен бағанаға шығудан сайысқа түссе болады.

Түпнұсқасы: http://almatysporty.kz/ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер