Азия чемпионы кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне жетті
Қазақстандық боксшы Аман Қазанғапов (0-0-1) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
21 жастағы боксшы Канаданың Монреаль қаласында өткен кеште шаршы алаңға шықты. Аман Қазанғапов мекскалық Хесус Арриагимен (2-1, 1 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Аман Қазанғапов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или