Бекзат Нұрдәулетов: Келесі мақсатым - Олимпиада алтыны
Бокстан Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында бірінші орын алған қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов спорттағы келесі мақсатын айтты.
Әлем біріншілігі өте жоғары деңгейде өтті. Барлық спортшылардың да дайындықтары жақсы. Жекпе-жектің бәрі қиынға соқты. Әрине, жартылай финалдағы кубалық Хулио ла Крусқа қарсы кездесу оңайға соқпады. Не дегенмен бірнеше дүркін әлем чемпионы. Олимпиаданың алтынын алған.
Келесі мақсатым - Олимпиада чемпионы атану. Бұл кез келген әуесқой боксышының арманы. Осы шыңды бағындыра алсам ғана кәсіпқой бокс жайлы ойлауға болады - деді Бекзат.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или