Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының жүлде қоры анықталды

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының жүлде қоры анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 27 қыркүйек күні, Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Әлемдік додаға 205 мемлекеттен жалпы есебі 3 500 атлет қатыспақшы.

«Спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетикадан әлем біріншілігінде 47 жүлдедер жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ, жүлделі орындар үшін ірі көлемде ақшалай сыйлықтар бекітілген.

Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы (IAAF) әлемд чемпионатының жүлде қоры 7, 53 миллион доллар екенін мәлімдеді.

Жекелей сында жеңіске жеткен спортшылар 60 мың долларға иелік етеді. Екінші және үшінші орын алған атлеттер тиісінше 30 және 20 мың доллар сыйға тартылмақ. Ал әлемдік рекордты жаңартқандарға 100 мың доллардан бөлінеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер