Қазақстандық боксшы титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Қазақстандық боксшы титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Қазақстандық  боксшы Батыр Жүкембаев Канаданың Монреаль қаласында болатын титулды жекпе-жек алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының PR-менеджері Серік Ноянбайұлы өзінің Instagram парақшасында жария етті. Жүкембаевтың қарсыласы мексикалық Мигель Васкес болмақ. 32 жастағы боксшы 41 жекпе-жек өткізіп, 2 рет жеңілген. Қазақстандықтың еншісінде 16 жекпе-жек бар, оның 13-і қарсыластарының нокаутымен аяқталды.

Қос боксшы да салмақ өлшеу шарасынан сәтті өтіп, рингке шығуға дайын екендіктерін көрсетті.

Айта кетелік, Батыр қазақстан уақытымен 27 қыркүйек күні таңертең жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или