Жүкембаев: Жекпе-жекке тас-түйін дайынмын

Жүкембаев: Жекпе-жекке тас-түйін дайынмын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13КО) Канаданың Монреаль қаласында 26 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүкембаев мексикалық 32 жастағы Мигель Васкесқа (41-8, 15 КО) қарсы айқасқа түседі.

Еске сала кетейік, отандасымыздың қарсыласы 2010-2014 жылдары аралығында жеңіл салмақта IBF чемпионы болған.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек 10 раундтан тұрады.

«26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында болатын жекпе-жегімнің баспасөз кеші ойдағыдай өтті. Жергілікті журналистер мен мыңдаған бокс жанкүйерлері бұл чемпиондық айқасқа үлкен ықылас танытуда. Мен, Алла қаласа, жұдырықтасуға тас-түйін даярмын және рингке тек жеңіс үшін шығамын. Қолдауларыңызға рақмет», - деді боксшы өзінің Instagram-парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или