Елена Рыбакина Wuhan Open турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Wuhan Open турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Wuhan Open турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Рыбакина үшінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен кездесті. Халеп денсаулығына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Есеп бірінші партияда 5:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. </span>

<span>Жерлесіміз Ухань турнирінің 1/2 шығу үшін осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко немесе әлемнің 8-ракеткасы, голландиялық Кики Бертенстің біреуімен кездеседі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или