Роналду ешқашан Месси үшін дауыс берген емес
Роналду ең үздік ойыншыны анықтау барысында Месси үшін дауыс берген емес, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
ESPN порталы Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың соңғы екі жылда кімге дауыс бергенін анықтады.
«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы 2018-2019 жылы Роналдуды үздік деп тапқан. Ал «Ювентус» форварды ешқашан Месси үшін дауыс берген емес.
Бұл жолы Лео «Барселона» сапына енді ауысқан Френки де Йонгті, «Ливерпульдің» жартылай қорғаушы Садио Манені үздік деп тапса, Криш өз даусын өзінің әріптесі <span>Маттейс де Лигтке, Де Йонгке, ПСЖ форварды </span>Килиан Мбаппеге берген.
Айта кетейік, ФИФА нұсқасы бойынша ең үздік ойыншы атағын Месси иеленді. Роналду болса үшінші орынды місе тұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или