Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.</span>

<span> «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады деп жоспарланып отыр. </span>

<span>Қазақстанның намысын 32 дзюдошы қорғайды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или