Жансая Әбдумәлік Германияның мықты клубымен келісімшарт жасасты
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік Германияның «Баден-Баден» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Қазақстанның Шахмат федерациясына сілтеме жасап.
<span>«Баден-Баден» клубы әлем чемпионы атанған ең мықты шахматшыларды қатарына қосып келеді. </span>
<span>Жансая Хоу Ифань (Қытай), Анна және Мария Музычуктар (Украина), Александра Костенюк (Ресей), Антоанета Стефанова (Болгария) секілді мықтылардың әріптесі атанды.</span>
<span> «Баден-Баденнің» ерлер командасында Фабиано Каруана, Максим Вашье-Лаграв, Вишванатан Ананд, Левон Аронян, Петр Свидлер сияқты әйгілі шахматшылар бар.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или