Бүгін ФИФА жылдың үздік ойыншысын анықтайды. Онлайн трансляция
Бүгін, 23 қыркүйекте Миланның La Skala театрында ФИФА жылдың үздік ойыншысын анықтайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) сайты «Жылдың ойыншысы» атағына үш үміткердің тізімін жариялаған болатын. Олар: Криштиану Роналду («Ювентус»), Лионель Месси («Барселона») және Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»).
Сонымен қатар, бүгін ең үздік бапкер атағы кімге бұйыратыны да белгілі болады. Үміткерлер: Юрген Клопп (Ливерпуль), Хосеп Гвардиола (Манчестер Сити) және Маурисио Почеттино (Тоттенхэм).

Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:30-да басталады.
Тікелей трансляцияны төмендегі көрсетілген Youtube-арнадан көрсеңіз болады.