IndyCar. Джозеф Ньюгарден екінші титулына қол жеткізді
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні «Лагуна Сека» тас жолында 2019 жылы IndyCar сериясының соңғы маусымы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Жарыс жеңімпазы Harding Racing командасының автошабандозы Колтон Херта атанды. Екінші орынды Team Penske командасының спортшысы Уилл Пауэр алса, ал үздік үштікті Скотт Диксон (Chip Ganassi Racing) түйіндеді. </span>
<span>Жекелей есепте 641 ұпай жинаған Джозеф Ньюгарден (Team Penske) жеңімпаз атанды. 28 жастағы америкалық спортшының бұл екінші титулы. Алғаш рет шабандоз 2017 жылы чемпион атанған. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или