ҚР Мәдениет және спорт министрі Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан әлем чемпионатында топ жарған Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады.
«Құрметті Бекзат! Барлық жанкүйерлеріңнің және жеке өз атымнан жеңісіңмен құттықтаймын! Төрткүл дүние көз тіккен бәсекеде қарсыластарыңнан бір бәс жоғары екеніңді айқын дәлелдедің. Сенің алтын медальға жету жолында 6 бірдей боксшыны жолдан тайдырып, мықтылығыңды танытқан бұл жеңісің қазақ елінің әлемдік спорттағы орнын айғақтай түсті.
Деніңе саулық, алдағы Токио олимпиадасында да еліміздің көк байрағын желбіретер жарқын жеңістер тілеймін!», - делінген құттықтауда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или