Елена Рыбакина Ухань турнирін сәтті бастады
<span>Қазақстандық Елена Рыбакина Қытайдағы Ухань турнирін сәтті бастады. </span>
<span>Әлемнің 49-ракеткасы Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 108-орында тұрған қытайлық Чжу Линьмен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басымдық танытса, екіншісінде корт иесі есе қайырды - 6:2. Есесіне үшінші сетте Рыбакина бет қаратқан жоқ - 6:0. Бәсеке 1 сағат 50 минутқа созылды. </span>
<span>Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы, хорватиялық Донна Векич немесе кезінде рейтингте көш бастаған, қазір 43-сатыда тұрған Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконың біреуімен шеберлік байқасады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или