Әли Ахмедовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Әли Ахмедовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Екінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасында өтетін бокс кешінің андеркардында 33 жастағы Эндрю Эрнандеспен  жекпе-жек өткізеді. АҚШ боксшысы бұған дейін 29 жекпе-жек өткізіп, 20 кездесуде жеңіске жетсе, 7 рет жеңіліп, екі жекпе-жекте қарсыласымен тең түскен.

Айта кетелік, Әли Ахмедов кәсіпқой аренада 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп 11 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или