Бокстан әлем чемпионатында екінші қазақстандық финалға шықты

Бокстан әлем чемпионатында екінші қазақстандық финалға шықты

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп жазады Prosports.kz.

Қамшыбектің қарсыласы аустралиялық Джустис Хуни болатын. Ол рингке шықпады.

Осының арқасында Қоңқабаев еш қиындықсыз финалға шықты және кем дегенде күміс жүлде алады.

Еске сала кетелік, тағы бір отандасымыз, 81 келіде жұдырықтасатын Бекзат Нұрдәулетов атақты кубалық боксшы Хулио Сесар ла Крузды жеңіп, турнирдің ақтық кезеңіне жолдама алған болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или