Бокстан әлем чемпионаты: Бекзат Нұрдәулетов - финалда
Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының ½ финалында 81 келі салмақта жұдырықтасатын Бекзат Нұрдәулетов кубалық Хулио Сезар Ла Крузды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бекзат барған жерінен алтынсыз қайтпайтын Хулио Сезардан қаймықпады. Тіпті ашық айқасайық деген емеурін танытып, кубалықты қуалап жүріп соққылап жатты. Екінші кезеңде қос боксшы соққы алмасып, айқын басымдыққа ие бола алмады. Дегенмен Бекзат бір рет Ла Крузды жойқын соққымен есеңгіретіп жіберді. Негізгі айқастың соңғы кезеңде өтетіні белгілі еді.
Кездесудің ақырғы бөлігінде кубалық боксшы да шабуылға шыққан болатын, алайда төрешілердің өз есебі бар. Алдыңғы екі кезеңдегі Бекзаттың белсенділігі өз жемісін беріп, қазақстандық боксшы финалға жолдама алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или