Жүсіпов Екатеринбургтегі әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының ½ финалында 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов ресейлік Андрей Замковойдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы раундта Замковойдың соққылары айқын, әрі дөп тиіп жатты. Одан кейінгі раундтарда да орыс боксшысы басымдығын арттыра бергені көрер көзге ұрып тұрғаны анық. Өкінішке орай, «қазақтың салмағы» делінетін 69 келінің жоғары сынамалы медальдары көзден бұл-бұл ұшып, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или